Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті

Департамент уголовно-исполнительной системы по Актюбинской области

Департаменттің жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және оған бағынысты мекемелерінің 2017 жылғы жедел-қызмет бойынша қорытындысы

Өткен 2017 жылы арнайы контингентпен жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтау және тиісті режимді ұстау бойынша жедел-қызметтік жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеттер жүргізілді.

ҚАЖД жедел қызметтері құқық қорғау органдарымен өзара әрекет етуде негзігі көңілдері қылмыстырды ашу, арнайы контингент арасындағы қылмыстың алдын-алу және экстремизм, терроризм, ұйымдасқан қылмыстың белгілеріне қарсы жұмыстарға бөлінуде.

Осылайша,  2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда ШОБ тарту арқылы сотталғандардың еңбекпен қамтылуы 75 %-ға, кәсіби-техникалық білім алушылардың саны екі есе жоғарлады, 70 %-ға туберкулезбен ауру төмендеді, нөлге дейін сотталғандардың соматикалық аурулардан өлімі төмендеп, коммунальды-тұрмыстық жағдайлары жақсарды:

  • КА-168/5 мекемесі жергілікті бюджет есебінен орталық су құбырына қосылу арқылы таза ауыз сумен қамтылды, «Еңбек-Ақтөбе» РМК-ның қатты отынды жылу беретін көне жабдықтың орнына газ қазандығының жабдығы орнатылды, осының арқасында аталған мекеме 30 млн.тг артық бюджеттік қаражат үнемдеді ( 25500,0 млн. жылу және – 4500,0 млн.тг ы/с).
  • одан бөлек КА-168/1 мекемесінің көне газ қазандықтары жаңаға ауыстырылды, осылай көбірек жылу берілуі қамтылды.
  • Ұлт Жоспарының 100 нақты қадамының 33 қадамын жүзеге асыру мақсатында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін құрудың» бес институттық реформасын жүзеге асыру бойынша Ақтөбе қалалық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге арналған орталықтандырылған қызмет көрсетудің бір терезе қағидасына сәйкес, алғаш рет Қазақстан Республитксында «Пробация үйі» ашылды, ол ашылғаннан бері  900 адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді (медициналық-73, психологиялық -899, еңбекке орналастырлыды -63, кәсіби қайта оқыту-30, жеңілдіктер және жәрдемақылар-5, құжаттарды қалыпқа келтіру-2, әлеуметтік-бейімдеу орталығына орналастырылды-2).

Елбасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тіпті ұсақ  бұзушылықтар бойынша жазаның бұлтартпалығын талап етеді, себебі олар одан да ауыр қылмыстарға әкеп соғады.

Белгілі болғандай құқық бұзушылықтың нөлдік төзімділігі –  бас бостандығын айыру орындарынының негізі профилактикасы болып табылады.

ҚАЖД мекемелері қызметкерлерімен 2017 жылы 336 белгіленген ішкі тәртіп ережелерін, оның ішінде 128 қасақана тәртіп бұзушылықтарды  анықтады.

Жазаны өтеудің орнатылған тәртібін сақтау және алдын-алу мақсатында 162 сотталғанға қатысты тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданды, оларға:  40 (19) ескертулер, 116 (62) сөгістер жарияланды, 154 (39)  тәртіптік изоляторға қамалды, 10 (3) жалғыз адамдық камераға және  4 (3) толық қауіпсіз мекемеге ауысытырылды.

Сотталғандарға тыйым салған заттарды беру әрекеттері үшін ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке  4 азамат тартылды (2016 ж.-2),.

Пробация институты тиімді дамуда. Жергілікті полиция қызметімен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен алдын алу шараларды жүргізу бойынша өзара әрекет жүзеге асырылуда.

Тұрақыты түрде «Есепте тұрған», «Альтернативник», «Пробация», «Құқық бұзушылық», «Шартты есепте тұрған» сияқты жедел, алдын-алу іс-шаралар жүргізіледі. Шара барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандардың  мекен-жайларын тексеру жүзеге асырылып, олардың тарапынан құқық бұзушылықтар, сондай-ақ есепте тұрғандардың таңдаған мекен-жайлары бойынша келмегендердің тұрғын орындары анықталады.

. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметімен қайта жасалған қылмыстарды төмендету мақсатында, өткен 2017 жылы жергілікті атқару органдарда консультативтік-кеңес  органның 42 отырысы өткізілді, оның ішінде – 4  облыстық деңгейде, онда сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету сұрақтары, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары» жүзеге асыру мәселелері қаралды, осылайша:

  • ПҚ-де есепте тұрған 3630 адамның, 2681 адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, олардың ішінде: емделуге – 808 (2016 ж.-730), психологиялық қолдау -1594 (2016ж.-1265), кәсіби білім алған – 3 (2016ж.- 2), еңбекке орналастырылды – 258 (2016 ж.-153); есеп беріп отырған кезеннің аяғында есепте 1792 сотталған тұр.
  • Сотқа дейінгі пробацияға жататын 23 адамға (20 кәмелет жасына толмағандарға, 2 әйел және 1 мүгедек) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді  (Ақтөбе облысының жастармен жұмыс жасау бойынша ресурстық орталығы арқылы медициналық тексеру жүргізілді, кәмелетке толмағандар  «Чемпион» аула клубындағы самбо спорт  секциясына қабылданды).

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен; КММ «Облыстық жастар ресурстық орталығы» филиалымен;  кәмелетке толмағандардың оңалту мәселелері бойынша көмек көрсету үшін «Арасан» ЖШС-мен; «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-мен; «Сеним Трек» ҮЕҰ-мен  7 меморандумдар жасалды. 2017 жылдың маусым айында  «Арасан-Ақтөбе» медициналық сауықтыру орталығында кәмелетке толмағандар үшін  пробация бөлмесі ашылды. Пробация есебінде тұрған сотталғандарды әлеуметтендіру процесіне волонтерларды тарту мақсатында ҚазМЮА колледжімен және Қазақ-орыс халықаралық университетімен келісім жасалды.

Жаңалықтар / Оқиғалар

Маңызды ақпарат!

03 April 2020Комментариев: 0

         Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оқырмандарына барлық ресми сайттарындағы жарияланымдарға пікір қалдыру кезінде жауапкершілікпен қарауды ескертеді.          Сонымен қатар, пікір қалдыру кезінде: діни, ұлттық, саяси,…

Подробнее

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

20 March 2020Комментариев: 0

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15-наурыздағы №285 жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты барлық мекемелердегі қысқа және ұзақ…

Подробнее

Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен өткен кездесу

20 February 2020Комментариев: 0

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі Қылмыстық- атқару жүйесінің зейнеткерлері мен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кездесу ұйымдастырды. Пробация қызметінің бастығы Ж.Досимова жиынды өз сөзімен ашып, алдымен…

Подробнее

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы тағайындалды

17 February 2020Комментариев: 0

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Саламатов Есқали Амангелдіұлы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы лауазымына тағайындалған Шамишев Алмас Абжанұлын департаменттің жеке құрамына және Ақтөбе облысы әкіміне ресми…

Подробнее

Колониялардағы жұмыс