Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті

Департамент уголовно-исполнительной системы по Актюбинской области

Сотталғандарға кездесулер беру туралы

Сотталғандарға кездесулер беру туралы

(Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 106 бабы)

Сотталғандарға ұзақтығы екі сағат қысқа мерзiмдi, мекеме аумағында ұзақтығы екі тәулiк ұзақ мерзімді кездесулер берiледі.

Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақтығы бес тәулiкке дейін ұзақ мерзімді кездесулер берiледі.

Сотталған адамның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініш жасауы бойынша кездесу ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.

Жұбайымен (зайыбымен), туыстарымен немесе өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер сәлемдеме алу құқығымен, мекеме әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен берiледi.

Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарды қоспағанда, сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен, сотталған адаммен некеде тұрмайтын, онымен ортақ балалары бар адамдарға бірге тұру құқығымен және сәлемдеме алу құқығымен берiледi.

Мекемеге келген сотталғандарға бірінші кездесу карантин бөлімшесінен шыққаннан кейін беріледі.

Кейінгі кездесулер осы Кодекске және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес беріледі.

Сотталғандарға олардың өтiнуi бойынша ұзақ мерзімді кездесудi – қысқа мерзiмдi кездесумен, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен берілетін ұзақ мерзімді кездесудi – мекеменің шегінен тыс шыға отырып, қысқа мерзiмдi кездесумен ауыстыруға рұқсат етiледi. Кездесулерді біріктіруге не бөлуге рұқсат етілмейді.

Сотталғандардың білікті заң көмегін алуы үшін олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен саны, ұзақтығы шектеусіз және олардың құпиялылығы қамтамасыз етілетін жағдайларда кездесулер беріледі.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кездесулер беру тәртiбi 

(17 қараша 2014 жылғы  №819  Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі  бұйрығынан үзінді)

  1. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер беріледі. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімі кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Кәмелетке толмаған балаларға және асырап алған балаларға сотталғандармен кездесулер олардың заңды өкiлдерiнiң еріп жүруiмен берiледi.
  2. Ұзақ мерзімді кездесулер, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын сотталғандардан басқа, әйелімен (күйеуімен), жақын туысқандарымен, сотталғанмен некеде тұрмайтын, бірақ одан баласы бар адамдарға беріледі.
  3. Сотталғандарға олардың сұрауы бойынша ұзақ мерзімді кездесуді қысқа мерзімді кездесуге, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесуді мекеме шегінен тыс жерде шығумен қысқа мерзімді кездесуге ауыстыруға рұқсат беріледі.
  4. Кездесуге рұқсатты сотталғанның немесе онымен кездесуге келген адамның өтiнiшi бойынша мекеменің бастығы немесе оның орнындағы адам бередi. Кездесу беруден бас тартқан кезде сотталғандармен кездесуге өтiнiш бiлдiрушiнiң өтiнiшiне бас тартудың себебi туралы белгi жасалады.
    Кездесуге келген адамның жеке басын, сондай-ақ олардың туыстық байланыстарын куәландыратынқұжаттар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттармен, сондай-ақ неке қию туралы куәлiк, қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының құжаттарымен куәландырылады.
  5. Кездесуге келген адамның немесе сотталғанның өтiнiшiн мекеменің кездесу бөлмесi бойынша жауапты бақылаушысы қабылдайды. Өтiнiштiң үлгiсi келушiлерге арналған бөлмеде көрнекi ақпарат тақталарында iлiнедi.
  6. Кездесуге келген адамдарды мекеме бастығы немесе оның орынбасары қабылдайды. Олар сотталғанның мінез-құлқы туралы хабарлайды және кездесу кезiндегi мінез-құлық қағидалары туралы, тыйым салынған сәлемдемелер беруге болмайтындығы туралы және белгiленген қағидалардың бұзылғаны байқалса, кездесудiң дереу тоқтатылатыны туралы ескертедi.
  7. Сотталғандар ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде жұмыстан алдын-ала немесе соңынан өтейтiндей болып босатылады.
  8. Сотталғанға бiрiншi кездесу карантин бөлiмшесiнен бөлiнгеннен кейiн, тергеу изоляторында бұрын кездесу алғанына қарамастан, мекемеге келiсiмен берiледi. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесу құқығы болған кезде қайсысын бiрiншi алуды сотталған анықтайды. Одан кейiнгi кездесулер он екi айды сотталғанға бiр жылда тиесiлi аталған түрдегi кездесулер санына бөлгендегi бөлiкке тең кезеңнiң өтуi бойынша берiледi.
    Кезектi кездесулердi беру мерзiмi жылдың аяқталуына немесе жаңа жылдың басталуына қарамастан, сотталғанға берiлген соңғы аталған түрдегi кездесу күнiнен, сондай-ақ өзге мекемеден ауысып келген кезден бастап есептеледi.
    Пайдаланылмаған кездесулерді жинауға жол берілмейді. Көтермелеу ретінде алған пайдаланылмаған кездесулер барлық жазасын өтеу мерзімі ішінде сақталады.
  9. Мекемелердің қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн эпидемияға қарсы iс-шаралар өткiзу, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар, сондай-ақ мекемеде ерекше режим жағдайын енгізу кезiнде кездесулер мекеме бастығының бұйрығымен уақытша тоқтатылады.
    Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша сотталғанға берiлмеген кездесу кейінірек беріледі.
  10. Мекемелер әкiмшiлiгi кездесуге келген адамдардың сұрауы бойынша кездесудiң ұзақтығын қысқартады. Кездесулердi бiрiктiруге немесе бiр кездесудi бiрнеше кездесуге бөлуге жол берiлмейдi.
  11. Сотталғандар кездесуге белгiленген киiм нысанында және ұқыпты күйiнде келуi тиіс. Ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде олар қалауы бойынша туысқандары әкелген киiмдердi, iш киiмдердi және аяқ киiмдердi пайдалана алады. Сотталғандар кездесуге дейiн және одан кейiн толық тiнтуден өтедi.
  12. Сотталғанға бiр мезгiлде жанында сотталғанның кәмелеттiк жасқа толмаған аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары, немерелерi бола алатын екi ересек адаммен мерзiмi ұзақ кездесуге рұқсат етiледi. ӨББА-ға сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер олардың дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазаларын өтеуi кезiнде рұқсат етіледі.
  13. Сотталғандармен кездесуге келген адамдар оларға мекеме әкiмшiлiгi кездесу тәртiбiн түсiндiрген соң ақшаларын, сондай-ақ сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде көрсетілмеген заттар мен құндылықтарын тексеру тобының қызметкерлеріне сақтауға тапсырады.
  14. Кездесуге келген адам сотталғанға мекемеде осы Қағидаларда көзделмеген заттар, бұйымдар және заттектерді беруге ниетi бар деп санауға жеткiлiктi негiз болса, мекеме бастығы мұндай адамға өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi тексеруге келiскен жағдайда ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды. Тексеру кезінде сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде көрсетілмеген заттар мен құндылықтар табылған жағдайда немесе тексеруден бас тартқан кезде ол адам кездесуге жiберiлмейдi.
    Тексеру тәртібі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларымен регламенттеледі.
  15. Келушi осы Қағидаларға сәйкес әзірленген мекеме әкімшілігі белгiлеген кездесу өткiзу кезіндегі мінез-құлық қағидасын, кездесу өткізу тәртібін бұзған кезде кездесу өткізу дереу тоқтатылады.
  16. Сотталғандармен кездесуге келген адамдардың қысқа мерзiмдi кездесу бөлмелерiне қандай да бiр тамақ өнімдерін немесе заттарды алып кiруiне жол берiлмейдi. Ұзақ мерзімді кездесуге тамақ өнімдерін (арақ-шарап өнімдері мен сыраны қоспағанда) кіргізуге рұқсат етіледі.
    Ұзақ мерзімді кездесу бөлмесіне кіргізілетін тамақ өнімдері және басқа заттарды тексеру тобы қызметкерлері мен кездесулер бөлмесі бойынша бақылаушы тексереді. Сотталғандардың ұзақ мерзiмi кездесу бөлмесiнен қандай да бiр тамақ өнiмдерiн немесе заттарды алып шығуына рұқсат етiлмейдi.
  17. Мекеме шегінен тыс ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат берiлген кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазасын өтейтін сотталғанға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат қағазы берiледi. Кездесу кезінде қадағалауды жүзеге асыру тәртібін мекеме бастығы анықтайды. Сотталғанға мекеме аумағынан тыс кездесу орнын өз еркiмен тастап кетуге жол берілмейді.
    Сотталғанның көтермелеу тәртібі ретінде кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекеменің шегінен тыс жерге мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ ата-аналары, немесе жақын туыстарының еріп жүруімен шығуы мекеме бастығының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
    Сотталғанға көтермелеу тәртібі ретінде демалыс және мереке күндерін қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер шегінен тыс өткізуге рұқсатты қауіпсіздігі барынша төмен мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде мекеме бастығының бұйрығы негізінде ұсынылады.
  18. Ұзақ мерзiмдi кездесулер кезінде тұру үшін бөлмелер беру қызметтерін кездесуге келген адамдар не сотталғандар өздерінің жеке қаражаты есебінен төлейді.
  19. Кездесу түрлерiн ауыстыру сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
  20. Сотталғандарға заң көмегін алуы үшiн олардың өтiнiштерi бойынша адвокаттармен кездесулер олардың санына, ұзақтығына шектеу қоймай, құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда берiледi. Сотталғанның қалауы бойынша кездесулер бөлу қоршауынсыз оңаша берiлуi мүмкiн, ал ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмеде берiледi.
    Заңнамада белгіленген кездесулердің санына мұндай кездесулер кірмейді, олар түскі үзіліс уақытын қоспағанда, жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
  21. Сотталғандардың некесін қию үшiн олардың өтiнiштерi бойынша азаматтық хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi лауазымды тұлғалармен және сотталғанмен некеге тұруға ниет бiлдiрген адаммен қысқа мерзiмдi кездесулер берiледi.
  22. Осы Қағидалардың 98 және 99-тармақтарында көзделген кездесулер түскі үзіліс уақытын қоспағанда жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі және ҚАК-ның 92, 136, 138, 140, 141, 143, 145, 151, 159-баптарында көрсетілген кездесулер санына есептелмейді.
  23. Емдеу-профилактикалық мекемелердегi сотталғандарға кездесулер сотталғандарда медициналық жағынан қарсы көрсеткiштер болмаған жағдайда ҚАК-нің 94137139141145147-баптарында белгіленген нормалар бойынша беріледі.
  24. Жұқпалы аурулар туындауын және таралуын ескерту мақсатында емдеу-алдын алу мекемелеріндегі сотталғандарға, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратындарға ұзақ мерзiмді кездесулер берілмейді.
  25. Кездесулер беру туралы барлық өтiнiштер осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кездесулер беру туралы өтініштерді тіркеу журналында тiркелуi және сотталғандардың жеке iсiнiң материалдарына тігілуі қажет. Журналды кездесу бөлмесiндегi қадағалау жөнiндегi бақылаушы жүргiзедi. Бас тартылған жағдайларда сотталғанға дәлелдi жауап берiледi.

 

Жаңалықтар / Оқиғалар

Маңызды ақпарат!

03 April 2020Комментариев: 0

         Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оқырмандарына барлық ресми сайттарындағы жарияланымдарға пікір қалдыру кезінде жауапкершілікпен қарауды ескертеді.          Сонымен қатар, пікір қалдыру кезінде: діни, ұлттық, саяси,…

Подробнее

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

20 March 2020Комментариев: 0

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15-наурыздағы №285 жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты барлық мекемелердегі қысқа және ұзақ…

Подробнее

Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен өткен кездесу

20 February 2020Комментариев: 0

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі Қылмыстық- атқару жүйесінің зейнеткерлері мен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кездесу ұйымдастырды. Пробация қызметінің бастығы Ж.Досимова жиынды өз сөзімен ашып, алдымен…

Подробнее

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы тағайындалды

17 February 2020Комментариев: 0

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Саламатов Есқали Амангелдіұлы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы лауазымына тағайындалған Шамишев Алмас Абжанұлын департаменттің жеке құрамына және Ақтөбе облысы әкіміне ресми…

Подробнее

Колониялардағы жұмыс