Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті

Департамент уголовно-исполнительной системы по Актюбинской области

Ереже

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
24-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

  1. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) аумақтық бөлінісі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Департаменттің заңды мекенжайы: 030012, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Новаторов көшесі, 43 а.
  9. Департаменттің толық атауы – “Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті” республикалық мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерімен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
    Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

2. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары 

  1. Департаменттің негізгі міндеттері:
    1) қылмыстық жазаларды орындауды және сотталғандарды, тергеу қамауындағыларды, күдіктілерді және айыпталушыларды ұстауды қамтамасыз ететін мекемелерге басшылық етуді жүзеге асыру;
    2) қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдар арасында тәрбие жұмысын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдалана отырып ұйымдастыру;
    3) ҚАЖ мекемелеріндегі дайындалу және жасалу жолындағы қылмыстар мен жазаны орындаудың және қамауда ұстаудың белгіленген тәртібін бұзушылықты анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастыру;
    4) ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын сотталғандарға, күдіктілерге және айыпталушыларға медициналық көмек ұйымдастыру;
    5) ҚАЖ мекемелерінде режим, қадағалау, күзетті қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ҚАЖ мекемелерінде өткізу режимін ұйымдастыру үшін бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
    6) пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
    7) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
  2. Функциялары:
    1) сотталғандарға қатысты соттың үкімдері мен қаулыларын орындайды, ҚАЖ мекемелерінің күзетін, тәртіпті сақтауын және жазасын өтеу жағдайын қамтамасыз етеді;
    2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және органдарының күзетін жүзеге асыру, ондағы жедел жағдайға бақылауды, персоналдың, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін, олардың айдауылдануын қамтамасыз етеді;
    3) сотталғандарды босатылуға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындауды, сотталғандардың түзелу қорытындыларын бекіту бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуды, олардың тұрмыстық және жұмыспен қамтамасыз етеді;
    4) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті жүзеге асыратын мекемелерді, ұйымдарды құру және тарату туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады;
    5) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды сот үкімдеріне, қаулыларына және ережелеріне сәйкес орналастыруды ұйымдастырады;
    6) жазаны өтеу мен орындаудың тәртібі мен жағдайын реттейді;
    7) мекемеден қашқан сотталғандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден бас тартқан сотталғандарға іздеу салуды жүзеге асырады;
    8) пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың тәртібін бақылау бойынша пробация қызметі мен полиция бөліністерінің өзара әрекет етуін іске асырады, қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті органмен анықталатын тәртіпте іске асырады;
    9) сотпен шартты түрде сотталғандарға жүктелген міндеттер мен тәртібінің орындалуына пробациялық бақылауды іске асырады және сынақ мерзімі кезінде әлеуметтік-құқықтық көмек алуына көмек көрсетеді;
    10) соттың құрмет, әскери, арнайы және басқа да атақтарды, сыныптық шен, дипломатиялық дәреже және сыныптық біліктіліктерін алып қою бөлігінде үкімін орындайды;
    11) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
    12) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
    13) кадрлардың дайындығы мен оқуын ұйымдастырады, кадрларға тапшылықты анықтайды;
    14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  3. Құқықтары мен міндеттері:
    1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұрату және алу;
    2) төтенше оқиғалар жағдайлары бойынша қызметтік тергеулер жүргізу, олардың себептерін анықтау және талдау, мұндай жағдайларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
    3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
    4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындауды талап ету;
    5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

  1. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
  2. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  3. Департамент бастығының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Департамент бастығының өкілеттігі:
    1) өзiнiң орынбасарларының және Департамент құрылымдық бөліністері басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін белгiлейдi;
    2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Департаменттің мүддесін білдіреді;
    3) жазаларды орындау кезінде заңдылықтың сақталуын және адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұстауды қамтамасыз етеді;
    4) Департамент және оған ведомстволық бағынысты мекемелер жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді;
    5) Департаменттің құзыреті шегінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету, жедел, режимдік, тәрбиелеу және өзге де қызметтер жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
    6) өз құзыреті шегінде Департаменттің құқық қорғау органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
    7) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлерін ҚАЖ органдары мен мекемелеріне практикалық көмек көрсету және олардың қызметіне тексеру жүргізу, басқа да қызметтік мәселелерді шешу үшін іссапарларға жібереді;
    8) облыстың қылмыстық-атқару жүйесі кадрларын іріктеуді, орналастыруды және оқытуды ұйымдастырады, Департаменттің, сондай-ақ жазаларды орындайтын және адамдарды ұстайтын мекемелердің жеке құрамының арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялық режимін және қызметтік даярлықты сақтауын ұйымдастырады;
    9) берілген құқықтар шегінде еңбек заңнамасына және құқық қорғау қызметі туралы заңнамаға сәйкес тәртіптік жазалар қолданады;
    10) заңнамаға және лауазымдар номенклатурасына сәйкес жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады, кезекті арнаулы атақ береді, тағайындау, босату, жұмыстан шығару бұйрықтарын шығарады, еңбек және қосымша демалыстарды береді;
    11) азаматтарды, сотталғандарды және тергеу қамауындағыларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен арыздарды қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды, тәртіп пен заңдылықты бұзу деректері бойынша қызметтік тергеулер жүргізеді;
    12) ҚАЖ қызметіне қатысты заңға тәуелді актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
    13) өтініште қойылған мәселелерді шешуге құзыретті тікелей мемлекеттік органдарға сотталғандардың өтініштерін жолдау бойынша ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
    14) Департаменттің құрылымдық бөліністері туралы ережелерді және лауазымды адамдардың функционалдық міндеттерін бекітеді;
    15) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    Департамент бастығы болмаған жағдайда оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
  5. Департамент бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Департаменттің мүлкі

  1. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
    Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңалықтар / Оқиғалар

Маңызды ақпарат!

03 April 2020Комментариев: 0

         Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оқырмандарына барлық ресми сайттарындағы жарияланымдарға пікір қалдыру кезінде жауапкершілікпен қарауды ескертеді.          Сонымен қатар, пікір қалдыру кезінде: діни, ұлттық, саяси,…

Подробнее

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

20 March 2020Комментариев: 0

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15-наурыздағы №285 жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты барлық мекемелердегі қысқа және ұзақ…

Подробнее

Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен өткен кездесу

20 February 2020Комментариев: 0

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі Қылмыстық- атқару жүйесінің зейнеткерлері мен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кездесу ұйымдастырды. Пробация қызметінің бастығы Ж.Досимова жиынды өз сөзімен ашып, алдымен…

Подробнее

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы тағайындалды

17 February 2020Комментариев: 0

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Саламатов Есқали Амангелдіұлы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы лауазымына тағайындалған Шамишев Алмас Абжанұлын департаменттің жеке құрамына және Ақтөбе облысы әкіміне ресми…

Подробнее

Колониялардағы жұмыс