Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті

Департамент уголовно-исполнительной системы по Актюбинской области

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің тарихы

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің тарихы біздің мемлекетіміздің бүгінгі тарихимыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Оның зерттелуі ең алдымен ҚАЖ іс-әрекетімен тығыз байланысты, тарихи деректер мен оқиғалардың тізбесінде, тұлғалардың өмірбаянында жетіспеушіліктерді қалпына келтіру қажет. Жүйенің тағдырында орын алған процестерді объективті көрсету және талдауда заңдылық қажеттілік туындайды; оның өткен тарихынан пайдалы және бағалы сабақтарды алу тек қылмыстық-атқару жүйесінің одан әрі қарай қызмет етуіне ғана емес жалпы тәуелсіз мемлекетіміз үшін қажет.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қылмыстық-атқару жүйесінің дамуы жүйенің және оның құрылымдық бөлшектерінің ары қарай реформалауымен сипатталады. Жарты ғасырлық кезең түзеу мекемелердің бірнеше мәрте бір ведомстводан басқа ведомстволарға берумен толы, қылмыстық-атқару жүйесінің атауы да, оның ішкі құрылымы  жиі өзгертіліп тұрды, түзеу мекемелердің саны мен түрме халқының саны үздіксіз өзгертілді, республикада сотталғандардың ұстау жағдайлары өзгертулерге ұшырады. Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірінде болып жатқан  өзгерістерін айнадай көрсетті. Соғыстан кейінгі кезенде тұтқындардың еңбегі құрылыста және жаңа өңдіріс объектілерде, қала және ауыл инфрақұрылымын жаңартуда белсенді пайдаланылды. Түзеу-еңбек мекемелер мемлекеттің экономикалық дамуында тікелей қатысқан маңызды стратегиялық объектілер болып табылды, олар социалистік жарыстарда қатысты, бесжылдық өндірістік жоспарлар мен нормаларды асыра орындады. Қазақстанның түзеу мекемелерінің маңында жасалған кәсіпорындар сапалы өнім шығарған, өз тауарларын тек қана ішкі тұтынуғана  емес таяу және алыс шетелдерге экспортталды. Атап айтқанда, күш ведомстволалар барысында әрекет еткен қылмыстық-атқару жүйесі қоғамдық тәртіпті күзету, кеңес үкіметі азаматтарының заңды құқықтарын, бостандығын және мүддесін қорғап, қылмыстың алдын алу және онымен күресу, қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулау және ұстауды қамтамасыз етудің мәселелерін ғана шешпей мемлекеттік маңызы бар шаруашылық мақсаттарды да шешіп отырды. КСРО Министрлер Кеңесі 1958 жылы  түзеу-еңбек колониялар және түрмелер туралы Ережені бекітті. Бұл шаралар республиканың ЕТМ қызметін жақсартуда зор үлесін қосты. ІІМ және ҰҚК ведомстволарды біріктірген кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 28.03.1953 жылғы №934 Қаулысымен ЕТЛКБ (еңбекпен тәрбиелеу лагерлері мен колониялары басқармасы) барлық бөліністерімен қоса ҚазСРО Әділет министрлігінің құзырына берілді.

1958 жылы ЕТЛКБ атауы қамау орындарының басқармасы (ҚОБ) атауына өзгертілді.  Басқарманың және оның бөліністерінің аппараты көбінесе ЕТЛКБ  және Карлаг кадр жұмысшылары есебінен жасақталды, бірақ біраз инженерлік-техникалық персоналының  жұмысшылары КСРО ІІМ ГУЛАГ-ң жолдамасы бойынша басқа одақ республикаларынан келген.

1956-1960-жылдар республиканың ЕТМ үшін қиын кезең болды. ЕТМ ауыл шаруашылығы және мердігер құрылыстар жойылды, сотталғандарды жұмысқа орналастыруда проблемалар пайда болды. Әрекеттеніп жатқан колониялар лық толы болды. Сол уақытта жаңа контрагенттік колонияларды ұйымдастыру қажеттілігі туындады, сондықтан колонияларды халық шаруашылық жоспарында көзделген салынып жатқан кәсіпорындардың базасында тез арада салынды. Сотталғандарды ұстауда да өзгерістер орын алды. Олар колониялар мен түрмелерде ұстала басталды, түзеу-еңбек лагерьлер жабыла басталды. Сол кезде сотталғандарды ұстаудың үш режимі енгізілді: жалпы, күшейтілген және қатаң. Сотталғандарды түзетудің және қайта тәрбиелеудің негізгі құралы болған: режімді қатаң сақтау, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және саяси-тәрбие жұмыс еді. КСРО Жоғарғы Кеңес  Президиумнің 14 маусым 1954 жылғы Жарғысымен соғысқа дейін болған шартты түрде мерзімінен бұрын босату қайтарылды. 1957 жылы өз қызметтерін кәмелетке толмағандардың істері бойынша бақылау комиссиялар жұмыстарын қайта бастады. Түзеу мекемелерде мердігерлік жүйе және жасақтар бастығының офицерлік лауазымдары енгізілді.

1960 жылы Қазақ КРО ІІМ ҚОБ құрамында  32 колония, олардың ішінде 22 өнеркәсіп, 4 ауыл-шаруашылық, 6 контрагенттік болды. Сол кезде 5 жиһаз фабрикалары, 7 тігін цехтері, пима (байпақ) өңдіретін фабрика, метал өңдейтін зауыт  және 12 түрлі қосалқы көмекші цехтері шаруасын дөңгелеткен.

1961 жылы СОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің « КСРО ІІМ түзеу-еңбек мекемелердің қызметтерін жақсарту туралы» Қаулысы қабылданды. ЕТМ басты мақсаты сотталғандарды қайта тәрбиелеу болатын, босатылғаннан кейін олардың әрқайсысы қоғамның пайдалы мүшісі болдыру. Қайта тәрбиелеудің ең маңызды құралы қоғамға пайдалы еңбек еді. Режимнің төрт түрі енгізілді: жалпы, күшейтілген, қатаң және ерекше, түрмелерде – жалпы және қатаң. Осылайша, осы шаралар сотталғандардың әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып дифференциалды тәсілді қамтамасыз етті. Қазақстанның пенитенциарлық жүйеде 50-60-шы жылдары өзгеше бастапқы жобалар байқаудан өткізілді, түзеу мекемелердің жаңа түрлері пайда болды. Осылай, тың жерлері бар совхоздарды жұмыс күшімен қамту мақсатында қауіпі төмен қылмыстар үшін сотталғандар есебінен қоныс-колониялар ашылды.Сонымен қатар, ерекше режимдегі үш колония ашылды ( Қостанай облысы Жетіғара қ. Ақмола облысы,  Вишневка а.Солтүстік-Қазақстан облысы  Заградовка а.). Өзгерістерге түзеу мекемелердің штаттары да ұшырады. 1961 жылы орталық  аппараттарда қамаудағы адамдар арасында саяси-тәрбиелік жұмыс бойынша бөлініс бастықтарының орынбасарлары лауазымдары пайда болады. Саяси-тәрбиелік жұмыстың орталығы болып жасақ бола бастайды. Жалпы және кәсіби білім беру кең тарауын ала бастайды. 1968 жылы 33 кәсіптік-техникалық училищелер ашылды (КТУ). Кәмелетке толмағандар үшін еңбек колониялар реформалауға жатты. Жасөспірімдерді тәрбиелеудің негізгі құралы жалпы және кәсіптік  білім берумен қоса еңбек ету болып жарияланды, қоғамдық өзін-өзі басқарудың нысаны енгізіле басталды. Жасақтың құрылымы, шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәртібі, босатылу және еңбекке орналасу, кәмелетке толмағандар арасында тәрбиелеу жұмысында қоғамның қатысуы және басқа да жайттар айқындала басталды. Кейін, 1972 жылдан бастап кәмелетке толмағандар үшін колониялар «еңбек-тәрбие колониялар» атауын алды (ЕТК), мұнда қылмыс жасаған тек қана жасөспірімдер ғана ұсталынатын болды. Басқа санаттағы барлық тәрбиеленушілер Ағарту министрлігінің арнаулы тәрбиелік-оқу орындарына берілді. 1971 жылдың желтоқсан айында ҚазСРО Түзеу-еңбек кодексі бекітілді, мұнда сотталғандарға ықпал жасайтын  құралдың негізі болып жазаны өтеудің режимі, қоғамға пайдалы еңбек, және саяси тәрбиелік жұмыс, сондай-ақ жалпы және кәсіптік-техникалық білім беру деп аталған. Сотталғандарды ынталандыру ретінде  қоныс колонияларына, ерекше режимнен қатаң режимнің белгіленген аймағына камерада ұстамайтын үй-жайларға. Әр сотталған бір ғана колонияда жасазын өтеген.

Бас бостандығынан айыру орындарында қылмыспен күресу жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету үшін 1981 жылы  режимдік, жедел бөлімдер қайта құрылып екі бөлек өз бетімен жұмыс жасайтын бөлімдер жасалды –  режим бөлімі және жедел жұмысы бөлімі. Колонияларда режимдік-жедел бөлімдер жұмыс жасайды, олардың басты функциялары құқық бұзушылыққа бейімді адамдарды үздіксіз қадағалау арқылы сотталғандардың арасында қылмыстың алдын алуы болып табылды. 40 жасқа дейінгі сотталғандар үшін міндетті жалпы орта білім белгіленді. Сегіз жылдық білімі бар адамдарға орта білім алу рұқсат етілді. Мамандықтары жоқ адамдарға кәсіптік-техникалық білім алу, жаңа кәсіптерге үйрету және біліктіліктерін жоғарлату сооталғандар үшін міндетті болды.

Сотталғандарды түзету және қайта тәрбиелеу бойынша жұмыста қоғамның және әуесқойлық ұйымдардың қатысуына аса назар аударылды.  Өндірістік және режимдік талаптары бойынша жасақталған сотталғандардың жасағы барлық жұмыстардың орталығы    болып табылды. 60-80-шы жылдары бойы Қазақстанда түзеу мекемелер санынын өсуі жалғасты. Әрине, соғыс кезеңге қарағанда өсудің көлемі айтарлықтай болмағанымен бейбітшілік заманда бұл көрсеткіш жоғары болды.

Осылайша, 1970 жылы ҚазСРО ЕТМБ құрамында 44 түзеу-еңбек  колониялар, ал 80-ші жылдардың ортасында – 71 түзеу-еңбек  колониялар, 4 ауыл-шаруашылық қоныс-колониялары, 4 емдеу-еңбек профилакториялары қызмет жасады. 80-ші жылдары қылмыстық-атқару ведомствоның атау да және құрылымы да бірнеше рет өзгертілді.

1981 жылы ҚазСРО ІІМ ЕТМБ ИТУ Бас басқармасына, ал 1988 жылы – ҚазСРО ІІМ Атқару істері бойынша Бас басқармаға өзгертілді (АІББ).

ХХ ғасырдың 60-80-шы жылдары жойылған түзеу-еңбек лагерьлер жүйесінің орнына меншікті өндірістік әлеуеті бар жабық түрдегі түзеу-еңбек колониялар жасала басталды. Түзеу-еңбек колониялар түзеу-еңбек лагерлер сияқты өзін-өзі қамтамасыз ету қағиданың негізінде қызмет жасады. Арзан күш ретінде бұрынғыдай мыңдаған сотталғандардың еңбегі пайдаланылды. Негізінде кеңес үкімеді түрме халқының өсуіне мүдделі болды, себебі түзеу мекемелер кеңес экономикасының ажыратылмайтын бір бөлігі  болып табылатын.

Жалпы айтқанда, республиканың  қылмыстық-атқару жүйесі өз тұрғысында «мемлекеттің ішіндегі мемлекет» кішігірім бөлек алынған мемлекет сияқты болатын. Барлық жалпыодақтық ықпалды сезіне отырып, сонымен қатар елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, қоғамдық жағдайға өзінің ықпалын тікелей тігізіп отырды.

Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуда ең маңызды қадам ол Елбасының тапсырмасын орындау аясында Қылмыстық-атқару кодексін  жаңа редакциясында әзірлеу болды. Аталған заңнама 2015 жылдың 1-ші қантарында күшіне енді. Жаңа  Қылмыстық-атқару кодексінің жаңалықтарының біріне жататын бас ботандығын айыру түріндегі жазаны орындайтын түзеу мекемелердің соталғандардың ұсталуы мен қауіпсіздік дәрежесіне  қарай сыныпталуы.

Осыған байланысты ҚАК-не мекемелердің мынадай атаулары енгізілді: қауіпсіздігі барынша төмен – қоныс-колониялар; қауіпсіздігі орташа – жалпы режимдегі түзеу колониялар; кәмелетке толмағандарды ұстау үшін қауіпсіздігі орташа – тәрбиелік колониялар; толық қауіпсіз – қатаң режимдегі түзеу колониялар; қауіпсіздігі барынша жоғары – ерекше режимдегі түзеу  колониялар; төтенше қауіпсіз – түрмелер; қауіпсіздігі аралас – түрлі режимдегі сотталғандарды ұстау, сонымен қатар, бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған адамдарды ұстау үшін тергеу изоляторлар.

 

Жаңалықтар / Оқиғалар

Маңызды ақпарат!

03 April 2020Комментариев: 0

         Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оқырмандарына барлық ресми сайттарындағы жарияланымдарға пікір қалдыру кезінде жауапкершілікпен қарауды ескертеді.          Сонымен қатар, пікір қалдыру кезінде: діни, ұлттық, саяси,…

Подробнее

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы

20 March 2020Комментариев: 0

ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15-наурыздағы №285 жарлығын жүзеге асыру мақсатында, Ақтөбе облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты барлық мекемелердегі қысқа және ұзақ…

Подробнее

Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен өткен кездесу

20 February 2020Комментариев: 0

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі Қылмыстық- атқару жүйесінің зейнеткерлері мен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кездесу ұйымдастырды. Пробация қызметінің бастығы Ж.Досимова жиынды өз сөзімен ашып, алдымен…

Подробнее

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы тағайындалды

17 February 2020Комментариев: 0

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Саламатов Есқали Амангелдіұлы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы лауазымына тағайындалған Шамишев Алмас Абжанұлын департаменттің жеке құрамына және Ақтөбе облысы әкіміне ресми…

Подробнее

Колониялардағы жұмыс