Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі Қылмыстық- атқару жүйесінің зейнеткерлері мен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кездесу ұйымдастырды.
Пробация қызметінің бастығы Ж.Досимова жиынды өз сөзімен ашып, алдымен ҚАЖ саласының зейнеткерлерін таныстырып шықты. Сонымен қатар, жарты ғұмырларын Қылмыстық-атқару жүйесіне арнаған сала ардагерлері: Светлана Арсланқызы Жиенбаева, Алия Аманжолқызы Масхутова және Руслан Куанышұлы Нурпеисовтерге алғысын білдіріп, сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақстатында жүргізілген іс-шараға көмектерін тигізгендері үшін Алматы аудандық пробация қызметінің атынан ризашылығын жеткізді.
Жиын барысында ҚАЖ саласының ардагерлері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісе отырып, қылмыстық-атқару инспекциясы толыққанды пробация қызметі ретінде қалыптасқаны, сондай-ақ, сотталғандарды әлеуметтік оңалту мүмкіндіктерінің жағымды жаққа өзгеруі туралы айтып өтті.
Басқосуда жазасын өтеуші сотталғандар да өздерін еркін ұстап, қандай қылмыс жасағандары және жасаған қылмыстарына өкінетіндіктерін, ендігі жерде тек түзу жолға тұруға тырысатындары туралы айтты.
Осылайша пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен ҚАЖ саласының ардагерлері және қазіргі уақытта ҚАЖ саласында қызмет етіп келетін қызметкерлер үшін аталған кездесу пайдалы шара болды.
Шара соңында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚАЖ саласының ардагерлеріне және осы шараны ұйымдастырған Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің басшылығына мағыналы кездесу ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.
Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметінің
инспектор-психологы, әділет аға лейтенанты Н.Ж.Аубакирова
Leave a Reply