Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті

Департамент уголовно-исполнительной системы по Актюбинской области

Облыстық ҚАЖ Департаменті қызметкерлері арасында «Үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі» конкурсы

Облыстық деңгейдегі өткізілетін байқауға, қауіпсіздігі аралас, орташа және барынша төмен түзеу мекемелерінің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бойынша бөлімдерінің жасақ бастықтары қатысты.
Конкурстың мақсаты: жасақ тәрбиешілер кеңесі қызметкерлерінің, ұжымның бірлігін нығайту, қылмыстық-атқару жүесі қызметкерлерінің беделін, имиджін арттыру, жасақ тәрбиешілер кеңесінің моральді-психологиялық ахуалын жақсарту, жаза мерзімдерін өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысы сапасын арттыру болып табылады.
Негізінен конкурс үш турда өткізіледі: 1- тур мекеме деңгейінде; 2- тур ҚАЖ департаменті деңгейінде; 3- тур ҚАЖ комитеті деңгейінде.
Әрбір тур 3 сатыдан тұрады. Бұл конкурста, әр сатыда жасақ бастықтарының күнделікті атқарып жатқан жұмысы бағаланады, оның ішінде жасақ жағдайында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, сабақтарды өткізу, жеке сұрақтармен қабылдау, ЖТК отырысын өткізіп ұйымдастырудағы жаңа әдістер туралы бейнеролик көрсету. Сонымен қатар, құқыққорғаушылар өздерінің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі білімдерінен сынақтарын тапсырады.
Конкурстың әділ өтуіне, Департаменттің сала басшыларынан, қоғамдық бақылау комиссия өкілдері, ҚАЖ ардагерлері шақыртылып, конкурсқа қатысуышылардың кәсіптілігіне, сауаттылығына, сыртқы келбетіне, шешімдерді қабылдау және жауаптардың дұрыстығы мен тиянақтылығына, ұстамдылығына, ұйымшылдығына, шығармашылық, орындаушылық шеберлігіне көңіл бөлді.
Әр конкурстық тапсырманың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы орташа балды шағара отырып, облысы деңгейінде әділ қазылар алқасының шешімінің негізінде және облыстық ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен «Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің үздік жасақ тәрбиешілер кеңесі» номинациясына КА-168/2 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры Укасов Бахтияр ие болды. Аталған қызметкер республикалық деңгейде өтетін конкурстың 3 турына, яғни ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүесі Комитетінде Елордамыз Нұр-сұлтанда өткізілетін турына қатысуға жолдама алды.
2-ші және 3-ші орындарға ие болған КА-168/1 және КА-168/2 мекеме қызметкерлері әділет лейтенанты Куаншалиев Айбек және әділет аға лейтенанты Саденов Асет Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының грамотасымен марапатталып, мекемеде жыл соңында қаражаттың болуы жағдайында ақшалай марапаттау қолданылуы мүмкін.
ҚАЖ Департаментінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы тобының бас маманы
Тулегенов Руслан

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Жаңалықтар / Оқиғалар

Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерімен өткен кездесу

20 February 2020Комментариев: 0

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық пробация қызметі Қылмыстық- атқару жүйесінің зейнеткерлері мен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кездесу ұйымдастырды. Пробация қызметінің бастығы Ж.Досимова жиынды өз сөзімен ашып, алдымен…

Подробнее

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің бастығы тағайындалды

17 February 2020Комментариев: 0

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Саламатов Есқали Амангелдіұлы, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы лауазымына тағайындалған Шамишев Алмас Абжанұлын департаменттің жеке құрамына және Ақтөбе облысы әкіміне ресми…

Подробнее

Ақтөбеде сотталғандар шаңғы тебуден сайысқа түсті (+видео)

Комментариев: 0

Ақтөбедегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандардың денсаулығын сауықтыру мақсатында, ҚАЖ департаментімен түрлі спорттық іс-шаралар атқарылып келеді. Соның бірі- департаментке қарасты КА-168/2 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында өткен «Қысқы…

Подробнее

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері колонияға белгісіз зат лақтырған азаматты ұстады

10 February 2020Комментариев: 0

Жергілікті уақыт 21.10 шамасында КА-168/2 мекемесі қызметкерлерінің жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесінің сыртқы жағынан қоршау арқылы белгісіз зат лақтырмақ болған күдікті азамат анықталып, ұсталды. ҚАЖ қызметкерлерімен ұсталған…

Подробнее

Колониялардағы жұмыс